logo

Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады

Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады

Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиада ойындарында найза лақтыру (F13 класы) бойынша 34.23 м нәтижесімен бесінші орын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші орынды Қытай спортшысы 47.06 м нәтижесімен иеленсе, екінші орынды Кулинис Сорокина (бейтарап туды ұстаушы) 36.56 м нәтижесімен алды, үшінші орын Австрия спортшысына 36.56 м нәтижесімен бұйырды, ал төртінші орынды Дабровольская Анна (бейтарап туды ұстаушы) 35.75 м нәтижесімен иеленді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Париж қаласында өтуде.

Бүгін сондай-ақ пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов пен Севда Әлиева, пара таеквондошылар Нышан Омирали мен Нұрлан Домбаев және волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина командасымен кездеседі.