Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Тұран» финалда бірінші матчта жеңіске жетті
Түркістан қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында алаң иелері – «Тұран» мен «Берел» (ШҚО) клубтары финалдағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл жолы бірінші партияда «Берел» алда келе жатыр еді. Алайда Ж.Сыроешкинаның доп берудегі шеберлігі ойын барысын күрт өзгертіп жіберді – 25:22.
Есесіне екінші сет соңына таман өскемендіктер сәтті қимылдады – 26:24. Дегенмен қалған екі партияда «Тұран» жеңістік берген жоқ – 25:22, 25:20. Қорытынды есеп – 3:1.
Бүгін қос клуб финалдағы екінші кездесуін өткізеді. «Тұран» жеңсе, чемпион атанады.
Ал «Берел» есе қайтарса, жеңімпаз үшінші матчта анықталады.