Владимир Чебурин: Мен өзімнің ойыншыларымды мақтан тұтамын
«Жальгиристің» қазақстандық бас бапкері Владимир Чебурин Литваның чемпионатын мерзімінен бұрын жеңіп алғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport+.
«Бірінші кезекте жанкүйерлерімізді, «Жальгиристі» көрсететін ойынды жақсы көретін жандарды құттықтағым келеді. Оларға қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс айтамыз. Вильнюс қаласының мэриясына қолдау көрсеткені үшін рахмет.
Біз өз жанкүйерлерімізге олардың бар екеніне өте ризамыз. Қазір ойын туралы бірдеңе айта алмаймын... Чемпион болуға құқық беретін матч бар. Жеңіске жеткен матч, бұл барлық сұрақтарға жауап болатын шығар. Футболшыларға үлкен рақмет айтқым келеді. Ойындар қиын болды, маусым да қиын болды, біз еурокубоктарда сәтсіз ойнадық, бұл шынымен де солай.
Менің Литвадағы мансабымда біз еуропалық маусымнан бірінші рет ерте шығып қалдық. Әдетте, 2022 жылдағыдай топқа дейін жетіп, сәтті өнер көрсететін едік. Менің футболшыларым шынымен нағыз азаматтар, мен оларды мақтан тұтамын. Менің ойымша, біздер бұл күнді есімізде сақтаймыз, чемпионат пен медальдарды есімізде сақтаймыз», — деді Чебурин.