Виктория Графеева – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Қазақстандық Виктория Графеева Сербияда өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+.
Финалда ол Ресей құрамасы атынан сынға түскен Нунэ Асатрянға жол берді.
Қарсыласы жекпе-жекті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
22 жастағы Графеева үшін бұл әлем чемпионаты мансабындағы алғашқысы болды.