logo

Вавалистің шәкірттері үш матч сериясында жеңіліссіз келуде «Атырау» — «Жеңіс» матчын қайда көруге болады

Вавалистің шәкірттері үш матч сериясында жеңіліссіз келуде «Атырау» — «Жеңіс» матчын қайда көруге болады

21 қыркүйекте Olimpbet Қазақстан чемпионатының 21 туры аясында «Атырау» — «Жеңіс» матчы өтеді.

Грек бапкер Акис Вавалистің шәкірттері үш матчтан тұратын жеңіліссіз серияда келе жатыр, дегенмен күнтізбенің қалауымен бұл матчтардың барлығы елордалық команданың осы маусымдағы өз алаңына айналған «Шахтер» стадионында өтті.

«Жеңіс» Лига Кубогында «Қайратты» 2:0 есебімен жеңіп, «Шахтермен» 0:0 есебімен тең тарқасты және соңғы турда Панцулая соққан голдық арқасында «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңді.

«Атырау» өзінің соңғы матчында 0:1 есебімен «Ордабасыдан» ұтылып қалды, оған қоса негізгі құрамның ойыншысы Матеус Барбоса алаңнан қуылған болатын.

Айта кету керек, осы маусымда 12 өз алаңындағы ойындардың ішінде «Атырау» тек біреуінде ғана «Жетісуға» ұтылып, «Қайрат», «Тобыл», «Астана» командаларын жеңіп, «Ақтөбе» және «Ордабасы» сынды командалармен тең ойнады.

Аталмыш матч 17:00–де басталады. Тікелей эфирде бұл ойынды Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады. 



Күн шежіресі