Василий Тахтай бірінші минутта UFC экс-жауынгерін нокаутқа жіберіп, Dala FC лигасының алғашқы чемпионы атанды (видео)
Жеңілмеген қазақстандық жауынгер Василий Тахтай ММА-да өзінің оныншы жеңісіне қол жеткізіп, Астанада өткен Dala FC бірінші турнирінің чемпиондық белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Жаңа промоушеннің бірінші турнирінің басты жекпе-жегінде Тахтай 40 секунд ішінде Тайландтың атынан шыққан бұрынғы UFC жауынгері американдық Уилл Чопты нокаутқа жіберді. Бұл жекпе-жекте чемпиондық белбеу сарапқа салынды.
Айта кететіні, Василий Тахтай үш жылдан кейін ММА-ға оралды.