logo

Руслан Сариев UFC экс-жауынгері Пайваны жеңіп, Alash Pride чемпионы атанды (видео)

Руслан Сариев UFC экс-жауынгері Пайваны жеңіп, Alash Pride чемпионы атанды (видео)

Қазақстандық жауынгер Руслан Сариев Алматыда өткен «Alash Pride» 101 турнирінің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы жауынгері Раулиан Пайваны жеңіп, лиганың жаңа чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Сариевтің қарсыласы қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген UFC бұрынғы жауынгері, бразилиялық Раулиан Пайва болды. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақтағы «Alash Pride» чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. 

Бірінші раундта Сариев бразилиялықты соққыларымен бірнеше рет сілкіндірді, Пайва қазақстандықты партерге ауыстыруға тырысты және бірнеше рет тейк-даун өткізді.

Екінші раунд толығымен соққылар алмасумен өтті, онда Сариев белсенді және нәтижелі болды. Үшінші раунд ұқсас стильде өтті, тек Пайва қарсыласын партерге ауыстыруға тырысты. Бұл ретте жарақатына байланысты бразио жауынгерінің беті қан болды.

Бес раунл нәтижесі бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық жауынгер жеңіске жетті.