Валлийлік клуб «Астанаға» қарсы матч өтетін алаңды анықтады
Валлийлік «Нью-Сэйнтс» клубы Конференция Лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы «Астанаға» қарсы өтетін үй ойынын қайда өткізетінін анықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойын Англияның Шрусбери қаласындағы «Крауд Медоу» стадионында өтеді. Арена 9 875 көрерменді сыйдыра алады.
«Нью-Сэйнтс» пен «Астана» арасындағы матч Қазақстан уақыты бойынша 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні сағат 00:00-де өтеді.