Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Азия Кубогындағы жарыс жолын бастады
Шэньчжэньде (Қытай) басталған үстел теннисінен Азия кубогында жүлделер жекелей сында сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Алғашқы ойын күнінде қазақстандықтардың көрсеткен нәтижелері:
Кирилл Герасименко – Као Чэн-Юи (Тайбэй) 3:2
Зәуреш Ақашева – Син Ю-бин (Корея) 1:3
Сарвиноз Миркадирова – Ито Мима (Жапония) 0:3
20 ақпанда, спортшыларымыз кезекті матчтарын өткізеді:
Зәуреш Ақашева – Чжу Чэнчжу (Гонконг)
Кирилл Герасименко – Хармит Десаи (Үндістан)
Сарвиноз Миркадирова – Цзэн Цзянь (Сингапур)