Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдің жұптық сынында кезекті жеңісіне жетті
Бірікке Араб Әмірліктерінде WTA турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+
Аталмыш жарыста қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында ширек финалға өтті.
Юлия чехиялық Линда Носковамен бірге Габриэла Дабровски (Канада) – Эрин Рутлиф (Жаңа Зеландия) дуэтінен 4:6, 6:3, 10:2 есебімен басым түсті.
Енді 1/4 финалда Путинцева мен Носкова қытайлық Сюй Ифань және Чжаосюань Янмен күш байқасады.