logo

Елена Рыбакина Дубайда ширек финалға өтті

Елена Рыбакина Дубайда ширек финалға өтті

Елена Рыбакина (7 WTA) Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында Испания өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түсті, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып.

25 жастағы қазақстандық спортшы 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті. Қарсыластардың өзара кездесулеріндегі есеп 4:4 болды.

Ертең Рыбакина америкалық София Кенинмен күш сынасады. Ол осы турнирдің өткен жылғы чемпионы италиялық Жасмин Паолиниді жеңген еді.



Күн шежіресі