US Open қарсаңында қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.
Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді.
Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады.
Айта кетелік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.