logo

US Open: ерлер арасындағы сында жалғыз қалған қазақстандық теннисші ойсырай жеңілді

US Open: ерлер арасындағы сында жалғыз қалған қазақстандық теннисші ойсырай жеңілді

Теннистен дәстүрлі US Open турнирін сәтті бастаған қазақстандық Александр Шевченко (#61) екінші айналымда америкалық қарсыласынан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

1/32 финалда отандасымыз АҚШ теннисшісі Фрэнсис Тьяфпен (#20) кездескен. Алғашқы сетте Шевченко айтарлықтай қарсылық танытып, 4:6 есебімен жеңілді. Алайда, екінші сетте күші срақылды ма, әлде ойыны жүрмеді ме, небәрі бір геймді өз пайдасына шешіп, 1:6 есебімен тағы жеңілді. Мұнан кейін ол матчты жалғастырудан бас тартып, үшінші сетке шыққан жоқ.

Осылайша, US Open-нің ерлер сынында өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілердің бәрі жеңілді. Алғашқы айналымда Александр Бублик пен Тимофей Скатов сүрінсе, бүгінгі екінші айналымда Шевченко да жарысты аяқтады.