US Open турнирінің басты фавориттерінің бірі қарсыластарын кортта қалай қорқытатынын айтты
Әлемнің үшінші ракеткасы, испандық Карлос Алькарас US Open турнирінің бірінші айналымында неге жеңсіз футболкада ойнағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші матчта Алькарас Австралия өкілі Ли Туды төрт сетте жеңіп шықты.
«Мен жеңсіз майкамен ойнағанды жақсы көремін. Кейбір турнирлерде осылай ойнаған ұнайды, бұл қарсыластарымды қорқыту үшін», — деді Алькарас.
Алькарас US Open-2024 турнирінің басты фавориттерінің бірі болып табылады. Ол бұл турнирде 2022 жылы жеңіске жеткен болатын.