logo

US Open: Тимофей Скатов әлемнің жетінші ракеткасына есе жіберді

US Open: Тимофей Скатов әлемнің жетінші ракеткасына есе жіберді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турнирінің бірінші раундында польшалық Хуберт Гуркачпен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлемнің жетінші ракеткасы бұл матчқа айқын фаворит ретінде шықты. Польша өкілі өз мәртебесін толық ақтап, Тимофейді үш сетте 3:6, 6:7, 6:7 есебімен жеңді.

Осылайша, US Open турнирінде ерлер арасында Қазақстан атынан бірінші раундтан тек Александр Шевченко өтті.