logo

US Open: Анна Данилина аралас сында камбэкпен ширек финалға шықты

US Open: Анна Данилина аралас сында камбэкпен ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

А.Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – бельгиялық Йоран Флигеннің мысын басты.

Бірінші партияда испаниялық-бельгиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Есесіне екіншісінде Данилина – Хелиоваара есе қайырды – 6:3.

Супер тай-брейкте қазақстандық-финляндиялық дуэт матчты жеңіспен түйіндеді – 10:8. 1 сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Испаниялық-бельгиялық жұп та 3 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Анна Данилина – Харри Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгпен таласады.

Өткен жылы Данилина – Хелиоваара осы жарыста жеңімпаз атанған болатын.



Күн шежіресі