logo

«Ұлытау» ресейлік клубқа есе жіберді

«Ұлытау» ресейлік клубқа есе жіберді

Калининградтық «Балтика» жолдастық матчта қазақстандық «Ұлытауды» жеңді, деп хабарлайды Sport+. 

Кездесу түрік Белек қаласында оқу-жаттығу жиыны аясында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Ресейлік клуб құрамында Абу-Саид Эльдарушев екі гол соқты (50, 74 минут), сондай-ақ нәтижелі соққымен Кирилл Никишин (11) көзге түсті. «Ұлытау» сапында Жасұлан Молдақараев гол соқты (42).