logo

Ұлттар лигасы: Қазақстан бесінші ойынын бүгін Аустрияға қарсы өткізеді

Ұлттар лигасы: Қазақстан бесінші ойынын бүгін Аустрияға қарсы өткізеді

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы бесінші ойынын Алматыда Аустрияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport +.

Аустрия және Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 20.00-де басталады.

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтижеге қанағат білдірді. Алдымен 2010 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде А тобында 0:2 есебімен жеңіліп, 0:0 есебімен тең ойнады. Одан кейін 2012 жылы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде С тобында алдымен 0:0 есебімен тіркелсе, сырт алаңда қарсыласқа 0:4 есебімен жеңілді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесоов алдағы кездесуге төмендегі ойыншыларға сенім артып отыр.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»).