Николас Зайвальд: Ұзақ ұшу және уақыт белдеулерінің айырмашылығы бізге кедергі болмайды
Аустрия құрамасының жартылай қорғаушысы Николас Зайвальд алдағы УЕФА Ұлттар лигасының Қазақстанға қарсы матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
Әрине, бұл матчтың жағдайы басқа сырт алаңдағы ойындардан ерекшеленеді. Бізді ұзақ ұшу және уақыт белдеулерінің айырмашылығы күтіп тұр. Бірақ біз бұған кедергі келтіруге жол бермейміз. Біз барынша дайындалып, Қазақстанда толық күшімізді салуға тырысамыз. Егер 100% беріліп ойнасақ, Қазақстанды жеңетінімізге сенімдімін.