Ұлттар лигасы: Адам Салаи матч кезінде есінен танып қалды
Ұлттар лигасының Нидерландыға қарсы ойыны кезінде Венгрия құрамасы бапкерінің көмекшісі Адам Салаи талып қалды, деп хабарлайды Sport +.
Амстердамдағы матчтың 8-минутында Адам өзің жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Соның салдарынан ойын он минутқа тоқтатылды.
Стадионнан 37 жастағы Салаи жедел жәрдеммен Амстердамдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша Нидерланды 4:0 есебімен жеңіске жетті.