logo

Италия құрамасы Израильді ойсырата жеңді (Видео)

Италия құрамасы Израильді ойсырата жеңді (Видео)

Италия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында өз алаңында Израиль құрамасын 4:1 есебімен сенімді жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Лучано Спаллеттидің шәкірттері арасынан Джованни Ди Лоренцо дубль жасаса, Матео Ретеги мен Давид Фраттези де гол соқты. Израиль құрамасында жалғыз голды Мохаммад Абу-Фани өз атына жазды.

Бұл жеңістің арқасында итальяндар өз тобында бірінші орынға көтеріліп, Францияны 1 ұпайға артта қалдырды.



Күн шежіресі