logo

Үлтел теннисінен Қазақстан командасы халықаралық жаттығу жиынында

Үлтел теннисінен Қазақстан командасы халықаралық жаттығу жиынында

Дохада (Қатар) Азия үстел теннисі одағы академиясының бағдарламасы аясында «Болашақ жұлдыздарды қалыптастыру» атты халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды.

Оқытуды бес дүркін әлем чемпионы Питер Карлссон (Швеция) жүргізуде, дәріс бапкерлер және спортшылармен теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Жиынға 22 елден 72 теннисші қатысуда.

Қазақстан атынан Қадырәлі Қабдылуахитов, Нұрислам Қасым, Альбина Жақсылықова, Алиса Цвигун, жаттықтырушылар Ердәулет Оразбаев, Дәулет Ысқаков, Агиза Шалабаева қатысуда.



Күн шежіресі