UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
26 жастағы Мария Агапованың (10-4) кезекті қарсыласы Бразилия өкілі Луана Сантос (7-1) болады. Олар 13 шілдеде UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шықпақ. Агапова UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді.
Бұл кездесуде ол канадалық спортшы Джиллиан Андерсоннан жеңіліп қалған еді. Марияның қарсыласы екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтты. Агапова UFC турнирінде барлығы бес жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Луана Сантостың UFC-дегі рекорды – 2-0. Ол әлемдік промоушендегі дебютін 2023 жылдың тамызында Джулиана Миллерге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген. Кейін 9 желтоқсанда Стефани Эггерден төрешілердің шешімімен басым түсті.