logo

Қытайдағы қазақ файтері UFC-де оңбай ұтылды

Қытайдағы қазақ файтері UFC-де оңбай ұтылды

Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ файтері Сайран Нұрданбек (39-12) UFC VEGAS 93 турнирінде бразилиялық Медкизаэл Костадан (21-7) ұтылып қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай жеңіл салмақта өткен айқаста Сайран үшінші раундта қылғындыру әдісіне тойтарысы бере алмай, жеңілуге мәжбүр болды. 

30 жастағы қандасымыз осылайша UFC-де екінші рет қатарынан жеңілістің ащы дәмін татып отыр. Ал оның UFC рекорды 3:3 нәтижесіне жетті. 

Өз кезегінде Бразилия файтері 21 жекпе-жек өткізіп, кезекті жеңісіне ие болып отыр. Ол бұған дейін октагонда 7 рет есе жіберген атлет. Ендігі жерде 27 жастағы Коста UFC-де 2:2 нәтижесін тіркеді. 

Бұған дейін қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-де үшінші жеңісіне қол жеткізген болатын. Ресейдің спорт арналары отандасымызды алда біраз аралас жекпе-жек шеберіне «мәселе» тудыратынын атады.