Тұрақсыз «Брайтон» Чемпиондар Лигасына таласып жүрген «Челсиді» қабылдайды. «Брайтон» - «Челси» матчының тікелей эфирі

Қаңтар айында «Брайтон» сәтсіз сериясын үзіп, қатарынан үш жеңіске жеткендей көрінген — олар «Норвич», «Ипсвич» және «Манчестер Юнайтедті» жеңді. Алайда қонаққа келген «Эвертон» «шағалаларды» 1:0 есебімен ұтып кетті.
Одан кейін «Ноттингем» «Брайтонды» 7:0 есебімен талқандады.
Енді Фабиан Хюрцелер үшін нағыз сынақ — «Челси». Лондондықтар қаңтардан бері қарқынын аздап бәсеңдеткенімен, әлі де ТОП-4 қатарында тұр. Бұл оларға келесі маусымда Чемпиондар Лигасына қатысу құқығын береді.
«Манчестер Ситиге» қарсы сәтсіз өткен матчты (1:3) есепке алсақ та, Энцо Мареско шәкірттері соңғы 6 ойында тек бір рет қана жеңілді.
Жақсы формаға енген Чуквунонсо Мадуэке соңғы үш матчта екі рет гол соқты.
Айта кету керек, «Челси» «Брайтонға» қарсы соңғы төрт ойында жеңіске жетіп, жалпы 10:5 есебімен басым түсті. Биылғы маусымда Премьер-лига аясында лондондықтар 4:2 есебімен жеңген болатын.
«Аристократтар» мен «шағалалардың» жаңа кездесуі 8-9 ақпанға қараған түні, Астана уақытымен 01:00–де өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.