Өзбек вундеркинді Sport+ эфирінде! «Лейтон Ориент» — «Манчестер Сити» матчының тікелей эфирі

«Манчестер Сити» әлі де тұрақсыз өнер көрсетуде, бірақ Пеп Гвардиола шәкірттері бұрынғыдай жиі сүрінбейтін болды. Олар «Челсиді» жеңгенімен, соңғы АПЛ матчында «Арсеналдан» 5:1 есебімен ойсырай ұтылып, биылғы маусымда алғаш рет осыншама көп гол жіберіп алды.
Қазіргі таңда «Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасының 5-орнында, көшбасшы «Ливерпульден» 15 ұпайға артта.
Гвардиоланың жағдайды қысқы трансферлер арқылы түзету әрекеті үлкен қаржылық шығындарға әкелгенімен, тұрақтылыққа қол жеткізген жоқ. Қыс мезгілінде команда сапына «Ланстан» Абдукодир Хусанов, «Палмейрастан» Витор Рейс, «Вальядолидтен» Джума Ба, «Портудан» Нико Гонсалес, және «Айнтрахттан» Омар Мармуш қосылды.
Бұл жаңа ойыншылардың көпшілігі Англия Кубогының 4-раунды аясында «Лейтон Ориентке» қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін.
«Лейтон Ориент» Лига 1-дің 6-орнында, Чемпионшипке көтерілу үшін плей-офф аймағына енуге тырысуда. Бірақ бұл мақсаттың орындалуына толықтай кепілдік жоқ. Демалыс күндері команда 11 матчтық жеңіліссіз сериясын үзді. Команданың басты шабуылшысы — «Тоттенхэмнен» жалға алынған Джейми Донли (5 гол + 5 ассист).
Бұл екі команда арасында тарихи кездесулер болған, тіпті «Лейтон» «Манчестер Ситиді» жеңген кездер де бар. Алайда соңғы ресми матч 1963/64 маусымында өткен, сол кезде екі клуб бір лигада ойнаған.
«Лейтон Ориент» — «Манчестер Сити» матчы 8 ақпанда 17:15–те басталады.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.