Зайнутдиновсыз. «Бешікташ» лиганың аутсайдеріне қонаққа барады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов жарақатына байланысты әлі де «Бешікташтың» негізгі құрамынан тыс қалып отыр және тіпті «Сивасспорға» қарсы Суперлиганың келесі турына арналған өтінімге енбеді.
Оле Гуннар Сульшердің шәкірттері Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін өздеріне жұбаныш ретінде төменгі дивизион өкілі «Кыркларелиспорды» Кубоктың топтық кезеңінде 2:0 есебімен жеңді.
Енді олар турнир кестесінде құлдырау аймағының шегінде тұрған (15-орын) «Сивасспорға» қонаққа аттанды.
Бұл маусымда командалар екі рет кездескен болатын — екі матчта да стамбұлдықтар жеңіске жетті. Кубокта есеп 1:0 болса, Суперлигада 2:0 болды.
Олардың жаңа кездесуі 8 ақпан күні 20:55–те өтеді. Бұл ойынды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.