«Шахтердің» директоры Дюсеков клубтың миллиондағын қарыздары туралы айтты

«Шахтер» клубының атқарушы директоры Талғат Дюсеков SARYARQA TV YouTube арнасына берген сұхбатында қарағандылық клубтың қарызы туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.
«Қарыздар бар. Бұл қарыздар, менің білуімше, көптеген жылдар бойы бізбен бірге келе жатыр. Қазіргі таңда бұл сома 200-215 миллион теңге шамасында. Оның 180 миллионы — бюджетке қатысты қарыздар: айыппұл, салықтар және басқа да төлемдер. Қалғаны — кредиторлық берешек, ол уақыт өте келе, мүмкін, осы жылы, үш жылдық мерзімнің өтуіне байланысты есептен шығарылуы мүмкін.
Мен бұл клубқа келген кезде, облыс басшылығы қолдау көрсетуге уәде берген еді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі түсіндіре алмаймын, бірақ қарыздар жабылады деп үміттенемін. Себебі олар біздің жұмысымызға кедергі келтіруде, шешім қабылдау процесін тежеп тұр. Тексеру органдары тарапынан белгілі бір нұсқаулар берілген, сол себепті біз кейбір қадамдарды жасай алмаймыз — бұл біздің қолымызды байлап отыр», — деді Т. Дюсеков.