«Трабзонспор» Украина құрамасының тағы бір ойыншысын қатарға қоспақ

Түркиялық Taka газеті хабарлағандай, Киевтің «Динамо» командасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Николай Шапаренконы трансферлеуге «Трабзонспор» бас бапкері Шенол Гюнеш жеке өзі мүдделі, деп хабарлайды Sport+.
Сонымен қатар, жазда «Динамо» клубының 10 млн еуро көлеміндегі ұсынысты қабылдамағаны түркиялық клубты алаңдатпайтыны атап өтілді.
«Трабзонспор» басшылығының пікірінше, Даниил Сикан мен Александр Зубковтың жақында жасалған трансферлері келіссөздерді сәтті өткізуге ықпал етеді. Бұл келіссөздер Түркияда қысқы трансферлік терезе жабылғанға дейін (11 ақпан) өтеді деп жоспарлануда.
Sport+ телеарнасы Түркия Суперлигасының Қазақстандағы ресми таратушысы болып табылады.