AVS Люксембург құрамасының ойыншысын қатарына қосты
Португалиялық AVS ресми түрде Люксембург құрамасының вингері Жерсон Родригешпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Жерсон Родригеш «Динамо» Киев клубының ойыншысы болып саналады. Оның украиналық клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды. 2024/25 маусымының алғашқы жартысында Жерсон Родригеш Қытайдың «Пинджуо» клубында жалға ойнап, 6 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
AVS клубының ойындарын Қазақстан аумағында ресми көрсетілім құқығына ие SPORT+ телеарнасынан тамашалай аласыздар.