Төрт жылдан кейінгі алтын: Алмат Әділет Азия чемпионы атанды
Қытай Халық Республикасының Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Алмат Әділет алтын медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз финалда Сомон Махмадбековтен (Тәжікстан) басым түсіп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл — Алмат Әділеттің ересектер арасындағы Азия чемпионаттарындағы алғашқы алтын жүлдесі.
Соңғы рет еліміз құрлықтық доданың алтын жүлдесін 2022 жылы еншілеген болатын.