Қазақстан құрамасы Moscow Karate Universe халықаралық турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Moscow Karate Universe халықаралық турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды

Ресейдің Мәскеу қаласында каратэден WKF нұсқасы бойынша бесінші Moscow Karate Universe халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы 2 алтын және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді.

Каратэден әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай кумитэ бағдарламасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Диёра Пулатованы 5:1 есебімен сенімді жеңді.

Ұлттық құраманың қоржынына екінші алтын медальді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Софья Берульцева салды. 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда ирандық Атена Махбуб Башариден басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Жарыстың қола жүлдегерлері:

Гүлмира Үсенова — 55 келіге дейін;
Айжан Бәкірова — 61 келіге дейін;
Дайяна Даренская — 68 келіге дейін, Азия чемпионы;
Никита Тарнакин — 84 келіге дейін.
Үш күнге созылған халықаралық турнирге әлемнің 40 елінен 400-ден астам каратэші қатысты.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан спортшылары Moscow Karate Universe турнирінде бес медаль жеңіп алған болатын. Оның ішінде бір алтын, екі күміс және екі қола жүлде бар.



Күн шежіресі