Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қоржынға екінші қоланы салды
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола медаль түсті.
Жұбаныш белдесуі арқылы қола жүлде үшін күрескен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты жеңіп, үздік үштікке енді.