Екі отандасымыз дзюдодан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жартылай финалға жолдама алды.
Әйелдер арасындағы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалдық белдесуде спортшымыз Эсмигүл Куюлова Оңтүстік Корея өкілі Ким Е Джиді голден скорда жығып, жартылай финалға шықты.
Сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат өз жерлесі Абылайхан Жұбаназарды ұтып, жарыстың жартылай финалына өтті.