logo

Тоқаевтың қабылдауынан шыққан Сметов жоспарымен бөлісті

Тоқаевтың қабылдауынан шыққан Сметов жоспарымен бөлісті

Президент қабылдауынан шыққан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бірден жанкүйерлеріне үндеу жолдап, алдағы уақытта не істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Танылмал дзюдошы бүгін Париж Олимпиадасында жүлде алған отандық атлеттермен бірге Ақордада салтанатты шараға қатысқан еді. Осыдан кейін ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме жасап, мақсатына қатысты пікір білдірді.

«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Спорт жолы оңай емес. Бізге әрқашан қолдау білдіріп келген ең алдымен халқыма және Мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Жанымнан табылған отбасыма, жаттықтырушыма мың алғыс. Қазақ елі жасасын! Көк туымыз биікте желбіресін! Лос-Анджелесте кездескенше», - деп жазды Елдос Сметов.

Естеріңізге сала кетейік, Сметов осыдан тура бір ай бұрын Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келіде чемпион атанған болатын.

Ол төртжылдықтың басты ойындарында 5 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осылайша Сметов өзі қатысқан үшінші Олимпиаданың жүлдесіне ие болған еді.



Күн шежіресі