logo

Сметовті жеңе алмаған Нұрқанат Серікбаев жаңа салмаққа ауысты

Сметовті жеңе алмаған Нұрқанат Серікбаев жаңа салмаққа ауысты

Париж Олимпиадасына дейінгі циклда 60 келіде Қазақстан дзюдошылары арасында рейтингте үздік көрсеткішке қол жеткізген Нұрқанат Серікбаев жаңа салмаққа ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Олимпиада алдындағы іріктеуде Сметовке есе жіберген Серікбаев енді 66 келіде күресуді жөн көріп отыр. 

13-15 қыркүйек күндері Загребте өтетін Гран-при турнирінде белдесетін отандық дзюдошылардың тізімі шықты. Олардың арасында Серікбаев та бар. 

  • 60 кг - Шерзод Давлатов
  • 66 кг - Нұрқанат Серікбаев, Жанарыс Рахметқали
  • 81 кг - Асқар Нарқұлов, Руслан Мұсаев 
  • 90 кг - Ермахан Әнуарбеков, Айбол Нысанәлі
  • 100 кг - Қыдырет Досымов. 

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев олимпиадалық циклде 60 келі салмақ дәрежесі бойынша рейтингте отандық дзюдошылар арасында жоғары көтеріліп, 15-орынға тұрақтаған болатын. Бұл ретте Сметов 22-орынға жайғасса, Мағжан Шамшадин 24-ші сатыда.



Күн шежіресі