«Тұран» қорғаныс шебін украиналық қақпашымен нығайтты
Түркістандық «Тұран» украиналық қақпашы Александр Воробейдің қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Воробей командаға Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарда қосылды.
Өткен маусымда қақпашы грузиялық «Гагра» сапында ойнады. «Гаграға» дейін оның мансабында тек украиналық клубтар болды. 28 жастағы қақпашы кәсіби мансабын 2016 жылы бастады.
Еске сала кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Тұран» Бірінші лигада 69 ұпаймен екінші орын алып, Премьер-лигаға шықты.