logo

«Тобыл» клубтың түлектерімен келісімшарт жасасты

«Тобыл» клубтың түлектерімен келісімшарт жасасты

«Тобыл» клубтың түлектері Юрий Мелихов пен Ермек Абдулланы негізгі командаға қосты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы қостанайлық клуб ресми хабарлады.

20 жастағы Юрий Мелихов бұған дейін жастар командасында болды. Жас қақпашының «Тобыл Ж» сапындағы дебюті 2021 жылы «Оңтүстік Академиясына» қарсы матчта өтті, ол алаңға екінші таймда шықты. Юрий «Тобылда» 35 нөмірмен өнер көрсетеді.

21 жастағы Ермек Абдулла «Тобылға» «Тараздан» келді. Жамбыл жерінің жейдесінде 18 матч өткізді. Абдулла – қорғаныста және тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнай алатын әмбебап футболшы. «Тобылда» 4-ші нөмірді алды. Футболшының параметрлері – 181/79.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «TOBOL» FÝTBOL KLÝBY (@fctobol)