logo

Қуаныш Қабдулов: Суперкубок бір ойыннан тұрады, сол себепті ол кез-келген бағытта өрбуі мүмкін

Қуаныш Қабдулов: Суперкубок бір ойыннан тұрады, сол себепті ол кез-келген бағытта өрбуі мүмкін

Қазақстандық маман Қуаныш Қабдулов Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында Olimpbet-Қазақстан Суперкубогының ойынына болжам жасады.

- Ойында қай команда басым болады? Бұл бір Аллаға белгілі, бірақ мен екі командадан да қызықты және әдемі футбол күтемін. Биылғы жылы Суперкубок алғаш рет Қазақстан тыс жерде өткізіліп отыр. Жалпы, командалар бірдей жағдайда, ҚКФЛ қысқы кубогының ойындарында қос клубтың оқу-жаттығу жиындарында жақсы жұмыс істегені байқалды. Суперкубок - еліміздегі үшінші маңызды атақ және де бұл ойын - ресми. Матчтың болжамына келетін болсақ, бұл ойын кубоктық, сол себепті ол кез-келген бағытта өрбуі мүмкін. Менің ойымша, басымдылық 60%-ға «Ордабасы» пайдасына, 40%-ға қостанайлықтардың пайдасына, өйткені шымкенттік ұжымның құрамының «Тобылдан» қарағанда бірге ойнау тәжіриесі мол.

- Бірінші ойында «Тобыл» «Ордабасының» схемасын қайталады, яғни 3-5-2 ойнады. Олар «Орданың» қапталдағы футболшыларына қарсы тұра алды ма?

- Менің ойымша, «Тобылдың» негізгі идеясы – алаңның барлық жерінде қарсыластармен жеке төтеп беру болды. Осы әрекетпен олар «Ордабасының» ойынын жойғысы келді. Негізгі мақсат алаңның ортасын жабу және қарсыластардың шабуылдарын қапталға бағыттау. «Тобылдың» қапталдағы футболшылары өз міндеттерін сапалы атқарды деп ойлаймын. Алдағы ойында не болатынын көреміз.

- «Тобылда» классикалық орталық шабуылшының болмауы ОЖЖ кезінде команданың шабуыл әрекеттеріне қатты әсер етті ме?

- Шабуыл стилін құру үшін, әрине, оларға алғы шепте басты күш болатын классикалық шабуылшыны табу керек, бірақ мұндай футболшыны табу өте қиын. Форвард – дана тауар, деп бекер айтылмаған. Соңғы ойындарда «Тобылда» бұл рөлді Энен атқарды. Мүмкін Энен бұл позицияны жаба алады, бірақ менің ойымша, ол өзінің қасиеттерін қапталда көрсететін ойыншы. Жақында қостанайлықтар Годберг Куперді қатарына қосты. Купер - орталық шабуылшы, бірақ біз оны Суперкубок үшін ойында көруіміз екіталай, себебі ол қандай формада екені белгісіз.