logo

«Тобыл» - 2024 жылғы Olimpbet-Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы

«Тобыл» - 2024 жылғы Olimpbet-Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы

Түркияның Антальясында жаңа маусымның Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы үшін матч аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан чемпионы «Ордабасы» мен Кубок иегері «Тобыл» арасындағы текетіресте қостанайлық клубы жеңіске жетті.

Матчтый негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.  Шымкенттік футболшы Евгений Макаренконың голына «Тобыл» қорғаушысы Иван Миладиновичтің дәл соққысымен жауап берді.

Пенальти сериясында Милич Чурчичтің шәкірттері сәтті болды. Бұл жеңіс қостанайлықтар үшін турнир тарихындағы үшінші жетістік болды.

«Ордабасы» - «Тобыл» - 1:1, пен. Сериясы - 4:5

Голдар: Евгений Макаренко 45 (1:0), Иван Миладинович 63 (1:1).