logo

«Тобыл» Черногория құрамасының қорғаушысымен толықты

«Тобыл» Черногория құрамасының қорғаушысымен толықты

Қостанайлық «Тобыл» Черногория құрамасының қорғаушысы Марко Вукчевичпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

«Марко — еуропалық футбол мектебінен өткен тәжірибелі қорғаушы. Оның еншісінде «Будучность», «Олимпия» және «Ислочь» секілді клубтарда өнер көрсету бар. Сонымен қатар ол Черногория құрамасының негізгі ойыншысы. «Тобылға» ауысқанға дейін Вукчевич Босния және Герцеговинаның «Борац» клубында ойнады. Оның кәсібилігі мен сенімді ойыны біздің команда үшін маңызды күшейту болмақ», — делінген клуб мәлімдемесінде.



Күн шежіресі