logo

Тимофей Скатов Швециядағы турнирдің негізгі сеткасына өтті

Тимофей Скатов Швециядағы турнирдің негізгі сеткасына өтті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бостадта (Швеция) өтіп жатқан турнирдің негізгі сеткасына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші іріктеу финалында итальяндық Андреа Пеллегриноны 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 38 минутқа созылды.

Айта кетейік, Бостадтағы турнирдің жүлде қоры €579 320 құрайды және ол 15 шілдеден 21 шілдеге дейін өтеді.