Рыбакина Уимблдондағы жеңілістен кейін әлемдік рейтингте төртінші орнын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Уимблдон-2024 нәтижелері бойынша жаңартылған жекелей және жұптық рейтингтерін ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші орынды Польша өкілі Ига Швентек сақтап қалды, екінші орында америкалық Кори Гауфф, үздік үштікті Беларусь спортшысы Арина Соболенко қорытындылады. Қазақстандық ең мықты теннисші Елена Рыбакина төртінші орында қалды.
Еске салсақ, Уимблдонда Рыбакина жартылай финалға дейін жетіп, онда Чехия өкілі және турнирдің болашақ жеңімпазы Барбора Крейчиковаға күтпеген жерден есе жіберді. Крейчикова өзінің жеңісі арқасында 22 сатыға көтеріліп, оныншы орынға жайғасты.
Юлия Путинцева алты позицияға көтеріліп, 29-шы орынды иеленді. Уимблдон турнирінің үшінші айналымында Путинцева Швёнтекті сенсациялық түрде жеңіп, келесі раундта Латвия өкілі Елена Остапенкодан жеңілді.
Жұптық разрядта ең мықтысы Жаңа Зеландиядан Эрин Рутлифф болды, екінші орынға Чехия өкілі Катерина Синякова, үшінші орынға Канадалық спортшы Габриэла Дабровски шықты.
Қазақстандық жұптық ойыншылар арасында ең мықтысы Анна Данилина екі сатыға көтеріліп, 50-ші орынды иеленді. Жібек Құламбаева төрт орынға төмендеп, 140-шы орынға жайғасты. Путинцева 300-ші орында (-1).