logo

Тимофей Скатов: Бұл менің соңғы турнирім

Тимофей Скатов: Бұл менің соңғы турнирім

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында әріптесі Александр Шевченкомен жұпта ойнау идеясының қалай пайда болғандығы туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Астанада бір ай бұрын Дэвис Кубогы ойнағанда, мен Алексанлрға жұпты ойнауды ұсындым. Содан кейін Wild card беру туралы мәселе болды. Бұл мүмкіндікті бергендері үшін федерацияға рахмет айтқым келеді. Бүгін біз жеңе алатынымызды көрсетуге тырыстық. Енді жұмысты жалғастырамыз.

— Бір өзің өнер көрсететін сында келесі ойыннан қандай үміт бар?

 — Бірінші айналымда Томас Махачпен ойнаймын. Ол биыл өте жақсы нәтиже көрсетті, соңғы екі аптада ATR 500-де және Мастерста жартылай финалдарға жолдама алды. Оның бабы қазір жақсы, мен шаршағанымды түсінемін, себебі осы жарыста бірнеше күн болдым, алайда өзімінің жақсы теннисімді көрсетуге тырысамын.

— Маусымның аяғында құрған қандай жоспарларыңыз бар?

 — Мен үшін бұл биылғы соңғы турнир болады. Сосын мен қысқа үзіліс жасаймын, содан кейін 6-7 апта бойы ұзақ дайындалуым керек. Жаттықтырушы екеуміздің үлкен жұмыс жоспарларымыз бар, сондықтан біз маусымды сәл ертерек аяқтауды шештік.



Күн шежіресі