Тимофей Скатов Аугсбургтегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Аугсбург қаласындағы Челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирдің екінші раундында Тимофей словак Норберт Гомбошты үш сетте - 6:4, 2:6, 6:1 есебімен жеңді.
1/4 финалда Скатов америкалық Тоби Кодатпен кездеседі.