logo

Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Качрети (Грузия) қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы жұптық разряд турнирінің алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық спортшы украиналық теннисші Вадим Урсумен жұптасып, Пучия Исаро — Келси Стивенсон жұбына қарсы шығып, екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.