Данилина Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық рейтингіндегі бірінші ракеткасы Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен жұптасып, Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ширек финалда олар британ-қытай жұбы Хэрриет Дарт – Сю Ванды 0:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.
Финалдық матчқа шығу құқығы үшін Данилина мен Ифань енді жапондық Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен кездеседі.