logo

Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды

Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасына теннистен қосымша бір лицензия берілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аралас командалық сында (микст) теннисшілеріміз Александр Бублик пен Елена Рыбакина бірге өнер көрсетеді. Қазақстандық жұптың алғашқы қарсыласы – Кори Гауфф пен Тэйлор Фриц.

Аралас командалық ойындар 29 шілдеден басталады.

Сондай-ақ тенннисшілер жекелей сында да өнер көрсетеді. Александр Бублик алғашқы айналымда Тэйлор Фрицпен (АҚШ), ал Александр Шевченко Якуб Менсикпен (Чехия), Елена Рыбакина румыниялық Жаклин Кристианмен, Юлия Путинцева украиналық Марта Костюкпен бәсекелеседі.



Күн шежіресі