logo

Зарина Дияс Польшадағы турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті

Зарина Дияс Польшадағы турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Варшавада өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымында үш сағаттық шайқаста Мартина Кубканы жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 3:6 есебімен ұтылды. Екінші партияда тай-брейкке дейін жетіп, онда Дияс мықтырақ болды (7:4). Шешуші сетте екі спортшы да жеңіске жақын болғанымен, тағы да тай-брейкке дейін жетті, онда Дияс жеңіске жетті (7:2). Матч қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды - 3:6, 7:6, 7:6. Дияс WTA рейтингінде 649-орында, ал оның қарсыласы 305-орында.

Қазақстандық теннисшінің екінші айналымдағы қарсыласы поляк Майя Хвалинская болады.



Күн шежіресі