logo

Попко Финляндиядағы турнирде камбэк жасады

Попко Финляндиядағы турнирде камбэк жасады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Финляндияның Тампере қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясының турнирінде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық спортшы кортта аргентиналық Факундо Менамен (ATP 261) кездесіп, үш сетте 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ойын екі сағат 50 минутқа созылды.

Ойын барысында Попко тоғыз рет эйс орындап, бір қосарланған қателік жасады.



Күн шежіресі